Жапон суретшісі Масааки Сасамото 1966 жылы Токиода дүниеге келді. Жапонияның Токио Ұлттық бейнелеу өнері және музыкалық университетін бітіріп, жапон кескіндеме өнеріне маманданған. Ол Жапония бойынша жеке және топтық көрмелерге қатысқан. Масааки Сасамото қазіргі уақытта Жапонияның Хонсю аралында орналасқан Яманаси префектурасында тұрады және жұмыс істейді. Масаки Сасамотодың туындылары көркемөнер мұражайының көркемөнер галереясында қойылған.